​Шымкентте туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал талқыланды

0
103

Кеңес барысында 2026 жылдың алғашқы алты айындағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай сараланып, негізгі көрсеткіштерге талдау жасалды.


​Шымкентте туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал талқыланды

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәбитовтың төрағалығымен «Шымкент қаласы бойынша 2026 жылдың 6 айындағы туберкулездің негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштері» тақырыбында кеңес өтті.

Жиынға Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, медициналық ұйымдардың бірінші басшылары, фтизиатриялық қызмет мамандары және жауапты сала өкілдері қатысты.
Кеңес барысында 2026 жылдың алғашқы алты айындағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай сараланып, негізгі көрсеткіштерге талдау жасалды. Сонымен қатар аурудың алдын алу, ерте анықтау, диагностика мен емдеу сапасын арттыру, халық арасында профилактикалық іс-шараларды күшейту мәселелері қарастырылды.
Жиын қорытындысында медициналық ұйымдарға туберкулездің алдын алу және оған қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру, тәуекел топтарымен жұмысты күшейту, сондай-ақ көрсеткіштерді жақсарту бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Бөлісу