Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ — СІМ

0
117

Испанияның Толедо провинциясындағы жоғары жылдамдыққа арналған теміржол желісінде екі пойыз соқтығысып, апат салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапқан болатын.


Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ — СІМ

Фото: ҚР СІМ

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы теміржол апатына қазақстандықтардың қатысы бар-жоғы туралы түсініктеме берді, деп жазады inform.kz.

— Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. ҚР СІМ деректерді тексеруді жалғастырады, — делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Испанияның Толедо провинциясындағы жоғары жылдамдыққа арналған теміржол желісінде екі пойыз соқтығысып, апат салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапқанын хабарлаған едік.