Шымкентте тағы екі көшенің жарықтандыру жүйесі кеңейтілді

0
76

Қосымша жарықтандыру жұмысы көшелердегі жарық сапасын арттырып, қала тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Шымкентте тағы екі көшенің жарықтандыру жүйесі кеңейтілді

Шымкент қаласындағы Ю.Гагарин көшесінің Республика даңғылы мен Табынбаев көшесі аралығында және Ерімбетов көшесінің Жандосов пен Т.Рысқұлов көшелері аралығындағы жарықтандыру жүйесі кеңейтілді.

Аталған учаскелерде жолдың екінші жағына қосымша жарық шамдары орнатылып, іске қосылды.
Нәтижесінде көшелердің екі бағыты да толық жарықтандырылып, түнгі уақытта көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс жағдайы қамтамасыз етілді.
Қосымша жарықтандыру жұмысы көшелердегі жарық сапасын арттырып, қала тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бөлісу