Шымкентте СПОРТ КҮНІ бұқаралық спорттық жарыстармен аталып өтті

0
152

Екі күндік бәсеке «Металлург» спорт кешенінің спорт залында және қалалық жоғары спорт шеберлігі мектебінде өтті.


Шымкентте СПОРТ КҮНІ бұқаралық спорттық жарыстармен аталып өтті

Спорт күніне орай Шымкент қаласында бұқаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Қалалық дене шынықтыру және спорт департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер мен спорт мекемелерінің қызметкерлері арасында өткен сайыс 18-19 тамыз күндері екі күнге созылды. Сала мамандары шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және арқан тартудан мықтыларды анықтады.

Дәстүрлі түрде өткізілетін спорттық жарыстардың мақсаты – спорт саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен бірлікті нығайту және спортпен тұрақты айналысуға жағдай жасау.
Екі күндік бәсеке «Металлург» спорт кешенінің спорт залында және қалалық жоғары спорт шеберлігі мектебінде өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар, жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен және кубокпен марапатталады.
Бөлісу