​Шымкентте мектеп медицинасы қызметін цифрландыру жұмыстары күшейтілуде

0
115

Шымкент қаласында мектеп медицинасы инфрақұрылымын жетілдіру, цифрлық шешімдерді енгізу және балалардың денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды жүргізілмек.


​Шымкентте мектеп медицинасы қызметін цифрландыру жұмыстары күшейтілуде

Шымкент қаласында мектеп медицинасы қызметінің тиімділігін арттыру және цифрландыру бағытындағы жұмыстар қарқын алған.

Қазіргі таңда қаладағы 270 мектепке 40-қа жуық медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы қызмет көрсетеді. Мектеп медицинасымен 264 мыңнан астам оқушы қамтылған.

Мектептердегі медициналық қызметтердің сапасын арттыру, өндірістік базалардың талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және оларды Qalqan цифрлық платформасына енгізу бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл шаралар медициналық көмектің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.
Аталған бағыттағы жұмыстар «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәуле Дүйсенбаеваның және медициналық ұйым басшыларының қатысуымен өткен штаб отырысында қаралды. Жиында мектеп медицинасы саласындағы цифрландыру және өндірістік базаларды жүйелеу жұмыстары жөнінде баяндама жасалды.
Жиында мектеп медицинасы қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері, медициналық ұйымдардың өндірістік базаларының сәйкестігі және Qalqan платформасында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері атап көрсетілді. Сонымен қатар цифрландыру деңгейін арттыру және деректерді бірыңғай жүйеге енгізу бойынша алдағы міндеттер айқындалды.
- Qalqan платформасын дамыту медициналық ұйымдардың қызметін тиімді басқаруға, жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мектеп оқушыларына медициналық көмекті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға және балалар арасында ауруды ерте анықтауға да ықпал етеді, - деді Қор филиалының директоры Сәуле Дүйсенбаева.
Шымкент қаласында мектеп медицинасы инфрақұрылымын жетілдіру, цифрлық шешімдерді енгізу және балалардың денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды жүргізілмек.
Бөлісу