Карате спортынан кезекті жарыс басталды.
Шымкенттегі Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектеп-интернат колледжінде қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай «Қазақстан – спорттық ұлт» тармағын орындау мақсатында қазақ күресінен облыс чемпионатты ұйымдастырылды. Оған облыстың барлық өңірінен 21 команда, 200-ге тарта жас спортшы қатысты. Олар 10 салмақ дәрежесінде белдесіп, өзара мықтыны анықтады.
Cондай-ақ, карате спортынан  кезекті Түркістан облысының чемпионатына іріктеуге  арналған жарыс  басталды. Жас  ерекшеліктері  бойынша 12 және 13  жас пен 14-15  жас  аралығындағы  жасөспірімдер татами  төрінде жекпе-жек  өткізуде. Сонымен  бірге, 16-17  жастағы  еліміздің  балуандары  да  өзара  күш сынасуда.
Жарыстың  қорытындысы  бойынша бас  жүлдені  Бекзат Саттарханов атындағы мектеп-интернат колледжіннің сайыпқырандары  иеленді. Ал, күміс  жүлдені Түркістан  облысының №1  олимпиадалық спорт мектебінің  командасы еншіледі.  Сайрам  ауданынан  келген  Қарасу  спорт  клубының  жастары  Қола  жүлдені олжалады. Іріктеуден  өткен  жеткіншектер  облыс  чемпионатында  бақтарын сынайды.
 
                        
                        
                    
