Полиция қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.
Фото: Іnstagram/volontery_almaty_lider.kz
ERNUR.KZ. Шымкентте 21 шілдеден бері іздеуде болған 26 жастағы қала тұрғынының денесі қоқыс жәшігінен табылды. Қалалық полиция департаменті марқұмды өлтірді деген күдікпен бір адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Полиция қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.
“Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары әдейі жалған ақпарат таратудың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және бұл әрекет заңнамаға сәйкес жазаланатынын ескертті.