Шымкентте ауаға оқ атқан құқық бұзушы жауапқа тартылды

0
84

Оқиға Жайлау шағынауданында болған


Шымкентте ауаға оқ атқан құқық бұзушы жауапқа тартылды

Шымкентте «102» арнасына Жайлау шағынауданында Toyota автокөлігінде болған белгісіз тұлғалардың ауаға оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жүргізген тексеру барысында құқық бұзушының жеке басын анықтады.

Тексеру нәтижесінде жас азаматқа қатысты қоғамдық тәртіпті бұзу және заңнама талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік материалдар рәсімделіп, іс мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданды.
Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынып, 8 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Шымкент қаласы Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген заңсыз әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Бөлісу