101 мың адам жұмыспен қамтылды.
Даму бағдарламасы аясында білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет және туризм салаларында бірқатар жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2018-2020 жылдары қалада 95 балабақша ашылды. Нәтижесінде 3-6 жас аралығында балабақшамен қамту 100% құрады. 
Қалада 21 үш ауысымда және апатты жағдайда оқытатын мектептер бар. 2020 жылы 13 мектепте құрылыс жүргізілсе, жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға берілмек. 
2020 жылы 6,3 млрд.теңгеге 7 медициналық  ғимаратқа  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Екі жылда  қалада  64 026 жұмыс орны ашылған. Нәтижесінде 101 мың адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде жастар практикасына – 9 мың адам, қоғамдық жұмысқа  – 8,9 мың адам жолданған. Кәсіби оқумен 7,8 мың адам қамтылған. Оның ішінде 2 943 мүгедек азамат жұмыспен қамтылды. 
Қала бойынша 878 спорт нысаны бар. Соңғы екі жылда  74 спорт нысаны ашылды. Бұқаралық спортпен айналысушылар саны 3%-ға артқан.
            
                        
                        
                    
