Шымкентте №30 және №102 автобус бағыттары жаңаруда

0
170

Жолаушылар легінің артуына байланысты қосымша 2 кесте қосылды.


Шымкентте №30 және №102 автобус бағыттары жаңаруда

ERNUR.KZ Шымкентте №30 және №102 автобус бағыттары жаңаруда.

Қала тұрғындарының ұсыныстары негізінде қоғамдық көлік бағыттарына бірқатар жаңартулар енгізілді:

№30 бағыт:
Жолаушылар легінің артуына байланысты қосымша 2 кесте қосылды. Қазіргі таңда жұмыс күндері – 12 автобус, демалыс күндері – 8 автобус жолаушыларға қызмет көрсетуде.
№102 бағыт:
«Айна» базары маңындағы Аймауытов көшесінде автобус бұрылу бөлігі ыңғайсыз әрі қауіпті болғандықтан, бағыт сызбасы Жібек жолы көшесімен ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қосымша 2 кесте қосылып, жұмыс күндері – 11 автобус, демалыс күндері – 8 автобус қатынайды. Қоғамдық көлік сапасын арттыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жолаушылардың ұсыныстары әрқашан басты назарда.