Шымкентте 106 жастағы кейуана инсульттен кейін қайта оңалды

0
124

Бұл кейуананың өмірінде алғаш рет ауруханаға жатуы.


Шымкентте 106 жастағы кейуана инсульттен кейін қайта оңалды

ERNUR.KZ. Шымкентте 106 жастағы кейуана инсульттен кейін қайта оңалып, үйіне шығарылды. 1920 жылы туған қарияның денсаулығы кенеттен нашарлап, шұғыл түрде «Хадиша» клиникасына жеткізілген. Тексеру барысында ишемиялық инсульт анықталды.

Дәрігерлер компьютерлік томография жасап, кейуананың жағдайын бағалайды. Нәтижесінде операциялық араласу қажет емес деп танылып, консервативті ем жүргізу туралы шешім қабылданған. Қария инсульт орталығына жатқызылып, қарқынды медициналық көмек алды.
«Пациенттің жасы – 106-да. Мұндай жаста инсультті өткеру, әрине, оңай емес. Дегенмен дер кезінде көрсетілген көмектің және жүргізілген емнің нәтижесінде жағдайы жақсарды. Қазір өзін жақсы сезінеді, үйіне шығарып отырмыз. Диагностикадан бастап стационарлық емге дейінгі барлық қажетті медициналық көмек МӘМС жүйесі аясында көрсетілді», – дейді «Хадиша» клиникасы инсульт орталығының меңгерушісі Арайлым Байтуреева.
Айта кетейік, бұл кейуананың өмірінде алғаш рет ауруханаға жатуы. Бір ғасырдан астам ғұмыр кешкен қария ем қабылдап, дәрігерлердің бақылауында болды. Үйіне шығар алдында медицина қызметкерлеріне алғысын айтып, ақ батасын берді. Айта кетейік, МӘМС жүйесі азаматтарға қажет болған жағдайда күрделі операциялар мен басқа да медициналық көмекті алуға мүмкіндік береді.