​ШЫМКЕНТ: Теміржол өткелінің құрылысы стандартқа сай келеді

0
134

Сынақ нәтижелері бойынша нысандағы негіз қабатының сапасы нормативтік талаптардан жоғары екені анықталды.


​ШЫМКЕНТ: Теміржол өткелінің құрылысы стандартқа сай келеді

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Керім Тленшин көшесінде теміржол үстінен өтетін маңызды көлік өткелінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жоба қаладағы көлік қозғалысын жақсартып, жол кептелісін азайтуға, Сайрам тұрғын алабы мен Түркістан облысы бағытындағы көлік ағымын жеңілдетуге бағытталған.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары теміржол өткеліндегі құрылыс жұмысы мен қолданылған материалдардың сапасына сараптама жүргізді. Бетон қоспасының үлгілері мен тірек және қабырға материалдары зертханалық сынақтардан өткізілді.
Сынақ нәтижелері бойынша нысандағы негіз қабатының сапасы нормативтік талаптардан жоғары екені анықталды.
Құрылыс нысанындағы сапаны бақылау алдағы уақытта да жалғасады.