​Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

0
448

Бұл мереке қашан да бейбітшіліктің көрінісі болып, тек қуаныш әкелгей - Ғабит Сыздықбеков.


​Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Құрметті шымкенттіктер, қадірменді Отан қорғаушылар!
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Бұл күн ерлік пен батырлықтың, патриотизмнің символы болып табылады. Бүгін біз дәстүрлі түрде Қарулы күштердің ардагерлеріне және елдің егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғайтын барлық әскери қызметшілерге құрмет көрсетеміз. Мықты рух, әскери қызметшілердің патриотизмі, сарбаздар мен офицерлердің үздік жауынгерлік даярлығы еліміздің қорғаныс қабілетінің негізін құрайды.
Барлық әскери қызметшілерге зор денсаулық, амандық, жақсылық, мол табыс тілеймін! Бұл мереке қашан да бейбітшіліктің көрінісі болып, тек қуаныш әкелгей!" - дейді Ғабит Сыздықбеков.