​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

0
109

Аталған гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері тізіліміне енгізілген кәсіпкерлерге, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне қолжетімді.


​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 29 қазан мен 5 қараша аралығында «kezekte.kz» электрондық платформасы арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған қайтарымсыз мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау жүргізіледі.

Аталған гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері тізіліміне енгізілген кәсіпкерлерге, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне қолжетімді.
Өтінім беру тәртібі:
ЭЦҚ арқылы «kezekte.kz» порталына тіркелу;
Пайдаланушы келісіміне қол қою;
Бекітілген үлгі бойынша бизнес-жоспар әзірлеу;
Өтінімді жолдау.
Мемлекеттік гранттар келесі мақсаттарға беріледі:
Тауар өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды сатып алу, салу, жаңғырту, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу;
Шикізат пен материалдар сатып алу;
Материалдық емес активтер мен технологияларды сатып алу;
Франчайзингке құқық (кешенді кәсіпкерлік лицензия) сатып алу;
Зерттеу жұмыстарын жүргізу және/немесе жаңа технологияларды енгізу шығындарын өтеу.
Іріктеу тәртібі:
Өтінімдер арнайы комиссия тарапынан қаралады. Үміткерлер өз жобаларын комиссия алдында қорғауы тиіс. Жобалар мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
Әлеуметтік бағыттылығы;
Бизнес-жобаның тиімділігі мен экономикалық негізділігі;
Жобаның дайындық деңгейі;
Қажетті инфрақұрылымның болуы;
Бәсекеге қабілеттілік;
Презентацияның сапасы.
Комиссия шешімі өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Қолдау тапқан жобалар бойынша келісім-шарт жасалып, тиісті қаражат кәсіпкердің есепшотына аударылады.