Грант мөлшері - 400 АЕК ( 1 225 200 тг дейін) құрайды.
Шымкент қаласында ұлттық жоба шеңберіндегі қайтарымсыз грантқа өтініш берудің бірінші легі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ
Өтінім биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап қабылданады.
Өтінім беруге 2019-2021 жыл аралығындағы «Бизнес бастау» оқу курсынан сертификат алған азаматтар қатыса алады. Сондай-ақ, өтінімді қабылдау «Business.enbek.kz» порталында онлайн түрде цифрлық қолтаңба (ЭЦП) сатысында жүзеге асады. Грант мөлшері - 400 АЕК ( 1 225 200 тг дейін) құрайды.
Гранттың I -ші легіне төмендегі санаттағы жұмыссыз  азаматтар өтінім бере алады:
- жеке кәсіпкерлер (мерзімі бір жылдан кем); 
- жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар; 
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 
- көп балалы отбасы мүшелері; 
- қандастар, қоныс аударғандар; 
- мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар және (немесе) мүгедектер;
- жұмыссыз жастар (29 жасқа дейін) қатыса алады. 
Айта кетейік, өзгерістерге байланысты, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту курстары уақытша тоқтатылды. Курс жөнінде толық ақпарат халықты жұмыспен қамту орталығының ресми парақшаларына жарияланады.
            
 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
