​ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР СИРЕК ДИАГНОЗБЕН ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

0
101

Нәресте өмірінің бесінші тәулігінде оның сарыуыз өзегінің толық жыланкөзін алып тастау бойынша күрделі операция жасалды.


​ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР СИРЕК ДИАГНОЗБЕН ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Желтоқсан айының басында Шымкент қалалық перзентханада дүниеге келген ұл балада сирек кездесетін туа бітті ақау – сарыуыз өзегінің толық жабылмауы (толық жыланкөз) анықталды. Бұл жағдайда ішек пен кіндік арасындағы өзек өздігінен жабылмайды, сондықтан, шұғыл хирургиялық көмек қажет.

Нәресте өмірінің бесінші тәулігінде оның сарыуыз өзегінің толық жыланкөзін алып тастау бойынша күрделі операция жасалды. Ота сәтті өтіп, ерте отадан кейінгі күрделі кезеңге байланысты жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.
Бірнеше күннен кейін нәрестенің жағдайы жақсарып, анасының қасына, палатаға шығарылды. Қазіргі таңда сәби дәрігерлердің тәулік бойғы бақылауында, емдеу шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында жаңа туған нәрестелерге перинаталдық орталық, қалалық перзентхана және балалар ауруханасы базасында неонаталдық хирургиялық оталар жасалады. Осы уақытқа дейін дәрігерлер 200-ге жуық сәбиге күрделі ота жасап, олардың өміріне төнген қауіптің алдын алды.