ШЫМКЕНТ: бір аптада көлікті масаң күйде басқарған 10 жүргізуші ұсталды

0
77

18 жастағы қала тұрғыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


ШЫМКЕНТ: бір аптада көлікті масаң күйде басқарған 10 жүргізуші ұсталды

Апта көлемінде Шымкент қаласында 100-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды.

Оның ішінде 10 жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ұсталды. Жүргізушілер әкімшілік қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сонымен қатар, дрифт жасап, көлікті қауіпті тәсілмен басқарған 18 жастағы қала тұрғыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Апта ішінде көлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 95 дерегі анықталып, барлық құқық бұзушылық бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Бөлісу