ШЫМКЕНТ: ​БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

0
45


ШЫМКЕНТ: ​БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

ERNUR.KZ. Бүгін Құрылтай сайлауында журналист Әбдез Иманқұлов өз таңдауын жасады. Ол Шымкент қаласындағы №155 сайлау учаскесіне келіп, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға қатысты.


№155 сайлау учаскесі «Смарт Студентс» ЖШС-нің Ескі өзен көшесі, 10 мекенжайындағы ғимаратында орналасқан. Аталған учаскеде барлығы 2845 сайлаушы дауыс беруге тіркелген.

Учаскедегі дауыс беру барысы белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған. Таңғы уақыттан бастап тұрғындар учаскеге келіп, өз таңдауын жасауда.

Әбдез Иманқұлов сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіруінің маңызды мүмкіндігі екенін атап өтті.

“ Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Әр азамат мұндай жауапты сәтте бейжай қалмай, өз таңдауын жасауы керек. Өйткені, бүгінгі таңдау – ертеңгі елдің дамуына әсер ететін маңызды қадам. Біз бірлігімізді сақтап, мемлекетіміздің болашағына ортақ жауапкершілікпен қарауымыз қажет “, – деді ол.

Қазіргі уақытта №155 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі қалыпты жағдайда жалғасып жатыр. Тұрғындар таңнан бері учаскеге келіп, өз таңдауын жасауда.