ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жобалар іске асырылуда

0
99


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жобалар іске асырылуда

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 2025 жылы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жобалар іске асырылады.

Оның ішінде басты назар – жаяу жүргіншілерге, көпқабатты үйлердің жай-күйіне және санитарлық тазалыққа бөлініп отыр.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2025 жылы жалпы ұзындығы 15,9 шақырымды құрайтын аяқ жол салу және жөндеу жұмыстары қолға алынады. Оның ішінде 16 басты көшеде жаңа жолдар салынып, 23 көшеде бар жолдар жөнделмек. Сондай-ақ, 13 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларында жаңа аяқ жолдар пайда болады.
Аулаларды абаттандыру шаралары да назардан тыс қалмаған. 2025 жылы 344 көшеге 2000 тонна асфальт төселеді. 32 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларына жалпы ұзындығы 7240 метр ирригациялық арық орнатылса, 120 аулаға 291 жарық бағанасы қойылады.
Қала келбетіне көрік қосу үшін 20 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жарықтандырылып, 9 үйге мурал салу жоспарлануда.
Тұрғын үй қоры да жаңартылып жатыр. 2025 жылы 20 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу, ал 17 үйге күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл жұмыстар Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасы арқылы жүзеге аспақ.
Санитарлық тазалықты сақтау – аудан әкімдігі жұмысының маңызды бағыты. Әл-Фараби ауданы 7 секторға бөлініп, әрқайсысына жауапты маман бекітілген. «Әл-Фараби» коммуналдық мекемесі 20 техника мен 183 жұмысшыны жұмылдырып отыр. Бұған қосымша, «Таза Өлке» ЖШС негізгі көшелерді 37 техника және 217 қызметкердің күшімен тазалауда.
Бөлісу