​SHYMKENT AI FORUM – 2026 ФОРУМЫ: ЦИФРЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕНІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ АЛАҢ

0
78

Көрмеде ЖИ, цифрлық технологиялар, медицина және басқа да бағыттарға арналған 20 стартап-жоба таныстырылды


​SHYMKENT AI FORUM – 2026 ФОРУМЫ: ЦИФРЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕНІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ АЛАҢ

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күніне орай өткен Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумына жалпы 500-ден астам қатысушы жиналды.

Өңірдегі ЖИ мен цифрлық технологияларды дамыту, инновациялық жобаларды қолдау, IT-бизнес пен мемлекеттік сектор арасындағы байланысты нығайту және технологиялық кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруды көздеген форумның «Цифрлық Шымкент: сын-қатерлер және келесі қадамдар», «AI дәуіріндегі стартаптар», «Why MedTech?» және «AI & ML. Ертең не істейміз?» атты панельдерінде цифрландыру мен жасанды интеллекттің өзекті бағыттары талқыланды.
Ал көрмеде ЖИ, цифрлық технологиялар, медицина және басқа да бағыттарға арналған 20 стартап-жоба таныстырылып, 9 жоба мен компания жеке стендтерде өздерінің технологиялық шешімдерін ұсынды.
Сонымен қатар, Цифрландыру басқармасы мен бірқатар жоғары оқу орны және жеке компаниялар ынтымақтастық туралы меморандумдар түзді.
Бөлісу