Құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында орналасқан «Ассалаумағалейкум» кафесінің қызметі уақытша тоқтатылды.
Полиция қызметкерлері жүргізген профилактикалық іс-шаралар барысында аталған ойын-сауық орнында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз болуына жол берілгені анықталды. Бұл құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған.
Осыған байланысты заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, кафе қызметі уақытша тоқтатылды.
Полиция ескертеді: Кәсіпкерлік нысан иелері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында заңсыз болуына жол бермеуі тиіс. Мұндай құқық бұзушылықтардың қайталануы нысан қызметінің тоқтатылуына әкеп соғуы мүмкін.


