Жоғары сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жобаларына қатысып, оқу орындарындағы заманауи технологиялармен танысады, шеберлік сабақтарына қатысады.
Биыл Шымкентте 245 мың оқушының жазғы демалысы ұйымдастырылды. Оның ішінде 225 мыңға жуық бала мектеп жанындағы лагерьлерде тынығады.
Ал 11 200 оқушы мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталған сауықтыру лагерьлеріне және Оқушылар сарайына қарасты Ақсу, Машат-Арасан, Үркер, Үш бұлақ, Турбаза Қазығұрт, Көктөбе-1 лагерьлеріне жолдама алады. Бұл нысандар Түлкібас, Қазығұрт аудандарында, Шымкент және Кентау қалаларында орналасқан.
Жаз мезгілінде балалар үшін экскурсиялар, спорт жарыстары, шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, музейлерге, саябақтар мен кинотеатрларға бару жоспарланған.
Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жобаларына қатысып, оқу орындарындағы заманауи технологиялармен танысады, шеберлік сабақтарына қатысады.
Айта кетейік, биыл жазғы сауықтыру лагеріне өтініштер QOSYMSHA ақпараттық жүйесі (https://qs.qarqynshym.kz/kz) арқылы қабылданып, толық цифрландырылуда.
Назар аударатын жайт – балаларды жазғы лагерьлерге қабылдау ҚР қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Атап айтқанда:
* ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 158 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес лагерьге жолдама алу үшін қажет құжаттар тізбесі қабылданады;
* сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, аз қамтылған және әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балалар қамтылады.
Қабылдау жұмыстары заң талаптарына сәйкес ашықтық, әділдік және қолжетімділік қағидаттары негізінде ұйымдастырылады.


