​«ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ» – тұрғындардың сүйікті мәдени жобасына айналды

0
86

Кейіпкерлердің қызықты оқиғалары мен тағылымды әрекеттері балалардың қызығушылығын оятып қана қоймай, оларды белсенді өмір салтын таңдауға ынталандырды.


​«ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ» – тұрғындардың сүйікті мәдени жобасына айналды

Шымкент қаласында демалыс күндері дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Шымқала кештері» мәдени жобасы қала тұрғындарының сүйікті демалыс алаңына айналып келеді.

Жоба аясында түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, тұрғындардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыруға мүмкіндік жасалуда.

Шымсити саябағында қалалық қуыршақ театрының «Қожа мен спорт» атты қойылымы сахналанып, көрермен назарына ұсынылды. Балаларға арналған бұл туындының тәрбиелік маңызы зор. Қойылым барысында жас көрермендерге спортпен шұғылданудың пайдасы, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы мен денсаулықты нығайтудың жолдары әсерлі түрде жеткізілді.
Кейіпкерлердің қызықты оқиғалары мен тағылымды әрекеттері балалардың қызығушылығын оятып қана қоймай, оларды белсенді өмір салтын таңдауға ынталандырды. Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, «Шымқала кештері» жобасы аясындағы мәдени-көпшілік шаралар қаланың өзге де саябақтары мен демалыс орындарында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл бастама тұрғындардың мәдени тынығуына жағдай жасап қана қоймай, қаладағы рухани-мәдени өмірдің жандануына да оң ықпал етуде.
Бөлісу