Аталған қаражат тікелей оқушының мектеп формасы мен аяқ киіміне, оқу құралдарына (дәптер, қалам, сөмке т.б.) және спорттық киімдеріне жұмсалуы тиіс.
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында мемлекеттік мектептерде білім алатын 56 мыңға жуық оқушыға, сондай-ақ биылғы жылдан бастап жекеменшік мектеп оқушыларына да жаңа оқу жылына дайындық мақсатында көмек көрсету жоспарланған.
Ақпарат үшін айта кетсек, «Мектепке жол» – жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетін республикалық қайырымдылық акциясы. Оның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және тұрмысы қиын отбасылардан шыққан балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу.
Акция аясында оқушыларға мектеп формасы, аяқ киім, сөмке, кеңсе тауарлары және өзге де оқу құралдары тегін беріледі. Бұл шараға жергілікті атқарушы органдар, демеушілер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер белсенді қатысады.
Игі бастама балалардың білім алуына қажетті жағдай жасауға, олардың мектепке баруға деген ынтасын арттыруға және әлеуметтік теңсіздікті азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамда мейірімділік пен өзара қолдауды нығайтудың бір үлгісі болып саналады.