Кезекте тұрғандарға баспана: Шымкентте 40 отбасы пәтерлі болды

0
169

Көп қабатты үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан.


Кезекте тұрғандарға баспана: Шымкентте 40 отбасы пәтерлі болды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрған 40 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында беріліп отыр. Шаһар басшысы тұрғындарды қоныс тойларымен құттықтап, отбасыларына амандық, береке-бірлік пен шаңырақтарына жылулық тіледі.
Көп қабатты үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Пәтер иелерінің қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, бюджет ұйымдарының қызметкерлері бар.
Айта кетейік, Шымкентте азаматтардың баспана жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Көп қабатты үйлерді кезең-кезеңімен пайдалануға беру және қолданыстағы жеңілдетілген бағдарламалар тұрғындарға қолжетімді шарттармен баспаналы болуға мүмкіндік беріп отыр.