​ҚАЗАҚСТАНДА «REPUBLIC DAY» ЖӘНЕ «BEREKE FEST» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯЛАРЫ БАСТАЛДЫ

0
77

Акциялардың мақсаты – халыққа қажет тауарлардың қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау және ішкі сауданың дамуына серпін беру.


​ҚАЗАҚСТАНДА «REPUBLIC DAY» ЖӘНЕ «BEREKE FEST» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯЛАРЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық сауда акциялары басталды. Науқан 17-27 қазан аралығында өтеді.

Акциялар аясында тұрғындарға азық-түлік және басқа да тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріледі. Мерекелік ұсыныстардың негізгі кезеңі 21-27 қазан аралығына жоспарланған.
Республикалық науқанды ҚР Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастыруда.
Акциялардың мақсаты – халыққа қажет тауарлардың қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау және ішкі сауданың дамуына серпін беру. Сонымен қатар, отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен танытуға басымдық беріледі.
Шымкент қаласында «Republic Day» акциясына – 16 сауда нысаны, ал «Bereke Fest» акциясына 4 сауда желісі қатысады.
«REPUBLIC DAY» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСАТЫН САУДА НЫСАНДАРЫ:
1. «Mega Planet» – Тәуке хан даңғылы, 13.
2. «Hyper House» – Мұхаммед Дулати көшесі, 200А.
3. «Shymkent Plaza» – Әл-Фараби алаңы, 3/1.
4. «Наурыз парк» – Бәйдібек би даңғылы, 25.
5. «Фиркан Сити» – Тәуке хан даңғылы, 330.
6. «Diamond Plaza» – Н.Назарбаев даңғылы, 177Б.
7. «Shymkent City Mall» – Бәйдібек би даңғылы, 362/7.
8. «Royal Plaza» – Д.Қонаев даңғылы, 122.
9. «Нұрсәт Сити» – Нұрсәт шағынауданы, 121А.
10. «DUR PLAZA» – Бәйдібек би даңғылы, 70.
11. «Dala Mall» – Алматы тасжолы, 13А.
12. «Береке» – Тәуке хан даңғылы, 18.
13. «Эврика» гипермаркеті – Тәуке хан даңғылы, 334.
14. «Аль-Фараби» – Темірлан тасжолы, 19.
15. «Арман Сити» – Байтұрсынов көшесі, 20В.
16. «Технодом» – Тәуке хан даңғылы, 13.
«BEREKE FEST» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСАТЫН САУДА ЖЕЛІЛЕРІ;
«GraMad» сауда желісі:
* Жібек жолы көшесі, 58;
* Б.Момышұлы көшесі, 6;
* Ғ.Иляев көшесі, 10;
* Қ.Төлеметов көшесі, 69/42;
* А.Асқаров көшесі, 34.
«Баян Сұлу» сауда желісі:
* Темірлан тасжолы, 9.
«F-mart» сауда желісі:
* Ж.Адырбеков көшесі, 39;
* Тәуке хан даңғылы, 330.
«Turan» сауда желісі:
* Ғ.Иляев көшесі, 86;
* Ж.Алдияров көшесі, 38/3.
Бөлісу