​ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ БАСТАЛАДЫ

0
162

Е.Т. Төлбасиев атап өткендей:


​ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ БАСТАЛАДЫ

2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта статистикасы бөлімінің басшысы Төлбасиев Ержан Тоқтарханұлы мәлімдеді.

Санақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және ауыл шаруашылығы саласындағы маусымдық жұмыстарды ескере отырып, Үкіметпен белгіленген мерзімде – 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өткізіледі. Ауқымды статистикалық зерттеу елдегі аграрлық сектордың жай-күйі туралы өзекті әрі нақты деректерді жинауға бағытталған.
Санақ екі кезеңде жүзеге асырылады:
• Бірінші кезең – 1–31 тамыз аралығында азаматтар sanaq.gov.kz сайты арқылы санақ парақтарын өз бетінше онлайн толтыра алады;
• Екінші кезең – 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында арнайы даярланған интервьюерлер онлайн сауалнамадан өтпеген респонденттердің үй шаруашылықтарына барып, деректерді жинайды.

«Біз барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін санаққа белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл тек статистикалық шара ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, фермерлерді қолдау және өңірлік даму стратегияларын тиімді қалыптастыру үшін аса маңызды негіз болып табылады. Тек нақты деректер ғана тиімді мемлекеттік аграрлық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Е.Т. Төлбасиев.

Сауалнамаға өсімдік, мал және балық шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен фермерлік қожалықтар қатысуы тиіс.
Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы санақ шараларына 7455 ауыл шаруашылығы өндірушісін қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатта 10 интервьюер тартылған.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ыңғайы үшін аудандық әкімдіктер мен өзге де мемлекеттік мекемелерде интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылатын болады. Қосымша ақпарат пен кеңесті sanaq.gov.kz сайтындағы sanaq-Myrza виртуалды көмекшісінен немесе 1446 байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Бөлісу