​20 қазаннан бастап ІІІ лек үшін бизнес -идеяларға грантқа өтінім қабылданады

0
60

Шымкентте 93 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.


​20 қазаннан бастап ІІІ лек үшін бизнес -идеяларға грантқа өтінім қабылданады

ERNUR.KZ. 2025 жылдың 20 қазанынан 3 қарашаға дейін Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдау басталады.

Шымкентте 93 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.
Грант көлемі – 400 АЕК (1 572 800 теңге);
Мақсаты – жаңа бизнесті бастау немесе дамыту;
Жобаға жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғындар, жеке кәсіпкерлер қатыса алады.
Өтінім беру үшін: Порталда тіркеліп, грант шарттарына сәйкестікті растап сонымен қатар бизнес-жоспарды толтыру қажет. Айта кетейік өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою керек.
Сондай-ақ, мансап орталықтары немесе ХҚКО-лардағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы өтініш беруге болады. Комиссия шешімі порталдағы жеке кабинетке жіберіледі. Қолдау тапқан жағдайда, шартқа қол қойылып, қаражаттың жұмсалуы бойынша тоқсан сайын есеп беріледі – бәрі электронды форматта.