Сәуір айында саяхаттаудың 10 АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

0
1 717

Бұл мезгілде көптеген өзгеріс орын алады.


Сәуір айында саяхаттаудың 10 АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

«Сәуір болмай, тәуір болмас» демекші, бұл ай табиғат оянатын мезгіл және нағыз демалысқа шығатын уақыт. Бұл айда тіпті қыс ұзақ болатын жерлерге де саяхаттап, табиғаттан ләззат ала аласыз. Сондай-ақ, сәуір айындағы демалыстың мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады:


1. Туристер аз болады. Яғни егер сіз көп адам мен қарбаластарды ұнатпайтын болсаңыз, онда сәуірайы – демалуға және көрікті жерлерге саяхаттауға тамаша уақыт.


2. Саяхат бағасы арзан болады. Егер сіз саяхатта ақша үнемдегіңіз келсе, сәуір айы сіз үшін ең қолайлы айлардың бірі. Дәлірек айтсақ, картадан жақын маңдағы қалалар мен әуежайларды өзіңіз тауып, барғыңыз келетін елді зерттеп, саяхат жоспарын жасау қажет. Сәуір айында туристік маусым әлі де қыза қоймайтындықтан, рейстер, қонақүйлер мен мейрамханалардың бағасы да төмен болады.


3. Маусымның ашылуы. Сәуір – теңіздегі жүзу, бақтар мен саябақтардың гүлденуі, балық аулау және т.б. көптеген маусымдардың ашылу кезеңі. Бұл табиғаттың барлық сұлулығын және алуан түрлілігін тамашалауға мүмкіндік береді.


4. Жайлы ауа райы. Бұл айда өте жағымды ауа-райы, қолайлы температура қалыптасады. Әсіресе қыс ұзақ және суық болатын жерлерде. Кейде жаңбыр жаууы мүмкін, бірақ жылдың басындағыдай толассыз болмайды.


5. Сәуір айындағы қауіпсіздік. Бұл кезде туристік орындар мен аймақтар туристік маусым қыза түскен шаққа қарағанда әлдеқайда қауіпсіз және проблема аз болады. Сонымен қатар, демалушылардың аз болуы ұрлық пен алаяқтық қаупін айтарлықтай төмендететіні белгілі.


6. Туристік маусым қыза түседі. Сәуір айында жер-жердегі туризм бүкіл әлемге танымал бола бастайды. Бұл жаңа демалыс бағыттарын да көруге және бұрын қолжетімсіз болған әртүрлі аймақтар мен көрікті жерлерге баруға мол мүмкіндік сыйлайды.


7. Жылы бассейндер. Жағажай немесе бассейндердегі су күндіз жақсы жылынып, түнде жылуды сақтайды. Тиісінше, бұл кешке де жүзуді жайлы етеді. Кейде бассейндердегі судың температурасы теңізге қарағанда жоғары болады, әсіресе сәуірдің екінші жартысында.


8. Күннің ұзаруы. Сәуірде күндізгі жарықтың ұзақтығы шамамен 13 сағатты құрайды. Бұл кез келген адамға демалыс күндерінен ләззат алуға және белсенді уақыт өткізуге мүмкіндік береді.


9. Жүктің жеңілдеуі. Сәуір айында көптеген демалыс аймақтарында ауа температурасы жылынады. Яғни, қыстағыдай көп зат, ауыр нәрселер алудың керегі болмайды. Бұл жүгіңізді жеңілдетіп, қаржы үнемдеуге де септігін тигізеді.


10. Жаңа піскен жемістер. Сәуір айында көптеген елдерде химиялық заттар қсылмаған балғын жемістер ұсынылады.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Рамазан айы үшін арнайы заң қабылдаған мемлекеттер бар


Әлемдегі ЕҢ ҮЛКЕН мектептер