Экстремалистер үшін тау велосипедімен жүру, аспан планерінде ұшу, парашютпен секіру немесе құздан құлай секіру сияқты қызметтер ұсынады.
Сурет: i.pinimg.com
Қырғызстан – Қазақстан азаматтары үшін ең қолжетімді шетелдердің бірі. Шекаралас елміз, визасыз режим орнаған, қатынас көлігінің де түр-түрі заулап тұр. Алайда, қызығушылық бәсең секілді. Бекер-ақ, бекер...
Байқауымызша, «Қырғызстан туризмі» дегенде көпшілік тек Ыстықкөлді ғана ойлайтын секілді. Шын мәнінде, көршілес елдің табиғаты мен тарихы, туризмі Ыстықкөлдің аясынан әлдеқайда кең әрі терең.
Қырғызстанның таулары мен көлдері танымал туристік бағыт болып табылады және елдің туристік индустриясы қарқынды дамып келеді. 2000 жылдардың басында, әр жаз сайын елге орта есеппен 450 000 турист келетін. Қазір жылына бір жарым, екі миллионға дейін турист келеді. Еуропа және әлемнің өзге аймағынан келген туристер көбіне тауға шығып, мәдени-танымдық тұрғыда байытатын орындарға баруға тырысады.
Қырғызстан – таулы ел. Елдің көп бөлігі таулармен көмкерілген, көптеген қалалары тау бөктерінде орналасқан. Сондықтан мұнда тау туризмі жақсы дамыған деуге болады. Туристердің көпшілігі Тянь-Шань немесе Памир-Алайдың асқақ тауларын көруге барады.
Жақында жергілікті таулы өзендер рафтинг әуесқойларының жиі баратын орнына айналды. Жаяу және альпинистік маршруттар алуан түрлілігімен танымал.
Экстремалистер үшін тау велосипедімен жүру, аспан планерінде ұшу, парашютпен секіру немесе құздан құлай секіру сияқты қызметтер ұсынады. Ұзақ серуендеуді ұнататындар тау қойнауында жұмбақ көлдер мен шатқалдарға барып, атқа отырып серуендей алады.
Қырғызстанның басты байлығы – әрине, Ыстықкөл. Әлемдегі ең үлкен және терең таулы көлдердің бірі. Қарлы шыңдармен қоршалған Ыстықкөл ең қатал қыста да қатпайды. Солтүстік жағалауы жағажайлы курорттарымен танымал. Оған қоса ежелгі петроглифтер мекені болған Шолпон-Ата да бар. Оңтүстік жағалауы Теріскей Алатауы аймағына және Қаракөл үстіндегі мұздықтарға бағытталған табиғи көрікті жерлермен және соқпақтарымен әйгілі.
Шу алқабы шатқалдардың, таулы өзендер мен сарқырамалардың таңғажайып ландшафттарымен және көптеген минералды көздерімен танымал. Ең әйгілі - Ала-Арча өзенінің аңғары, оның аумағында реликті арша ормандары мен ерекше фаунасын қорғау үшін Ала-Арча ұлттық саябағы құрылған.
Орталық Тянь-Шаньда Қырғызстанның ең танымал шыңдары - Жеңіс шыңы және Хан Тәңірі бар. Сонымен қатар, Оңтүстік Еңілшек мұздығы – Қырғызстандағы ең үлкен мұздық бар. Солтүстік Еңілшек мұздығының жоғарғы ағысында табиғаттың нағыз кереметі – Мерцбахер мұзды көлі бар. Бұл орындарға қолжетімсіздігіне қарамастан, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер мен альпинистер келеді.
Қалай жетеміз?
Қатынас көлігін уайымдамасаңыз да болады. Тек, таңдау жасау керек.Қазақстаннан Қырғызстанға барудың негізгі жолдары мыналар.
1. Әуе арқылы
Алматы → Бішкек: Алматы әуежайынан Бішкек әуежайына аптасына шамамен 6 рейс орындалады. Ұшу уақыты шамамен 50 минут, бағасы – $93-$353 аралығында
Сондай-ақ Somon Air әуе компаниясы арқылы Алматыдан Бішкекке ұшуға мүмкіндік бар
2. Автожолмен
Алматыдағы «Сайран» автовокзалынан Бішкекке автобустар қатынайды. Күніне 5 рет. Билет бағасы шамамен $6-9, сапар уақыты – 4-5 сағат.
Жеке немесе тапсырыс бойынша такси көлігін таба аласыз. Алматы – Бішкек бағытында шамамен 237 км, жол жүру уақыты – 3-4 сағат, бағасы — $67 шамасында.
3. Поезд немесе теміржол
Қазақстан мен Қырғызстан арасында теміржолдық қатынас бар, мысалы Мерке – Қара-Балта өткізу нүктесі ретінде қолданылады. Бұл бағыт кей жағдайда ыңғайлы болуы мүмкін, бірақ рейстер мен билет бағасы үшін алдын ала нақты тексеру қажет.
4. Өз көлігіңізбен
Өз көлігіңізбен барғыңыз келсе, Қазақстан мен Қырғызстан арасында бірнеше автожол шекара өткелдері бар.
- Korday / Ak-Zhol – 24/7 ашық. Ең басты әрі кеңінен қолданылатын маршрут. Алматы мен Бішкек арасында автобустар қатынайды. Екі жақта да валюта айырбастау, асхана және такси қызметтері қолжетімді.
- Karasu / Ak-Tilek – күндізгі уақытта (күн шыққанда)
- Kegen / Karkara – маусым–қазан айлары аралығында, күндізгі уақытта. Табиғаты әдемі аймақ арқылы өтетін маршрут. Қыс мезгілінде жабылуы мүмкін, ал қоғамдық көлік аз, сондықтан жеке көлік немесе алдын ала орынға тапсырыс беру қажет.
- Aisha‑Bibi / Chongkapka – күндізгі уақытта. Тараздан Таласқа бағытта жиі қолданылады. Қарапайым маршрут, такси немесе бағыттық шағын автобустар қатынайды.
- Sypatay‑Batyr / Chaldybar – 24/7 ашық
Кәдесый
Қырғызстаннан киізден жасалған қалпақ бас киімдері мен ұлттық киімдерді алуыңызға болады. Оның ішінде сырылған шапандар, кең шалбарлар мен белдемшелер, былғары аяқ киімдер, дәстүрлі былғарыдан жасалған сауыттар мен қаптарды ала аласыз. Қырғызстандағы ең танымал қолөнер бұйымдарының бірі – қой жүнінен сырылған, ұлттық ою-өрнектермен әсемделген киіз кілем.
Дайындаған: Б. ЕРМАН,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: