«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САЙРАМДА 1000 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

0
86


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САЙРАМДА 1000 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сайрам ауданында ауқымды ағаш отырғызу және тазалық акциясы ұйымдастырылды. Игі шараға 400-ге жуық адам қатысты.

Аудан орталығындағы Орталық саябақта өткен экологиялық акцияға мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді атсалысты. Нәтижесінде 1 гектар аумаққа 1000 түп емен, қаратал және өзге де ағаш көшеттері отырғызылды.

Сонымен қатар саябақ аумағы ретсіз қоқыстардан тазартылып, 1,6 тонна қалдық арнайы полигонға шығарылды.

Тазалық – мәдениеттің көрінісі, ал көгалдандыру – болашаққа жасалған инвестиция. Ағаш отырғызу арқылы аудан тұрғындары туған жердің табиғатын қорғауға, қоршаған ортаны жақсартуға және келер ұрпаққа жасыл мұра қалдыруға өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай игі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге бағытталады.