Қостанайда түнде болған төбелестен кейін екі ер адам ұсталды

0
89

​Қостанайда полицейлер түнгі жанжалға қатысы бар деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Жанжал төбелеске ұласып, ақша ұрланған.


Қостанайда түнде болған төбелестен кейін екі ер адам ұсталды

Видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, түнде болған жанжал кезінде 280 мың теңге ұрланған, деп жазады kaz.inform.kz

Полицейлер оқиғаға қатысы бар екі ер адамды анықтап, ұстады. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полиция бұзақылық, күш қолдану және бөтеннің мүлкін ұрлау үшін заңда қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.