​Мынандай 6 адамнан қашық жүрген дұрыс

0
227

Психологиялық денсаулығыңызды бірінші орынға қойыңыз!


​Мынандай 6 адамнан қашық жүрген дұрыс

Фото: i.ytimg.com

Егер сіз үнемі шаршап, ашуланып, мотивацияңызды жоғалтып жүрсеңіз, ең бірінші араласатын ортаңызды, айналаңыздағы адамдарды сүзгіден өткізіп, саралаңыз. Өйткені кейбір адамдар энергияңызды сорып, өмір сапасын төмендетіп, тіпті депрессияға түсіріп жібереді.

Олар кімдер? Қалай қорғануға болады?



1. Шағым айтқыш адам

Қандай? Ол үшін өмір – тек қиындық пен әділетсіздік. Билік, ауа райы, көршісі, тіпті дүкендегі сатушы – бәрі кінәлі. Әңгімелері – үнемі шағым мен ренішке толы.

Қорғаныс: Оның негативін тыңдамауға тырысыңыз, әңгімені басқа арнаға бұрыңыз. Шағымы басталғанда "Мен бұл туралы сөйлескім келмейді", "Кешір, бірақ менің басқа шаруам бар" деген сөздер қолданыңыз.

Музыка тыңдап, құлаққап киіп жүру – шағым айтқыш адамның қажетсіз әңгімелерін тыңдамаудың бір жолы.



2. Мәңгілік құрбан

Қандай? Ол әрдайым өмірдің әділетсіздігін айтып, өзін тағдыр тәлкегіне ұшыраған бейбақ ретінде көрсетеді. Бірақ жағдайды өзгертетін нақты әрекет жасамайды.

Қорғаныс: Шекара қойыңыз. "Сен өзіңнің өміріңді өзгертпейінше, мен көмектесе алмаймын" деген нақты позиция ұстаныңыз. Және оның эмоциясын жұқтырмау үшін "Бұл – оның мәселесі, менікі емес" деп іштей қайталаңыз.



3. Драма королі/королевасы

Қандай? Ұрыс-керіс, өсек, интрига – олардың өмірінің мәні. Олар драма туғызбай, тыныштала алмайды.

Қорғаныс: Эмоциялық манипуляцияға берілмеңіз. Драмаға тартса – әңгімені қысқаша аяқтаңыз. Оның эмоциясына ермеңіз.



4. Манипулятор

Қандай? Ол сіздің эмоцияларыңызды пайдаланып, өз пайдасына шешім қабылдатуға тырысады. Кінә тағады, аяныш тудырады, қысым көрсетеді.

Қорғаныс: "Жоқ" деп айтуды үйреніңіз. Өз сезімдеріңізді бақылауда ұстаңыз.



5. Уақыт ұрлаушы

Қандай? Маңызы жоқ әңгіме, бітпейтін өтініштер, қажетсіз кездесулер арқылы сіздің уақытыңызды босқа өткізеді.

Қорғаныс: Уақытыңыздың шектеулі екенін ашық айтыңыз. "Менде тек 5 минут бар" деген сияқты нақты шекара қойыңыз. "Қазір демалып жатырмын", "Маған ойлануға уақыт керек", "Бұл тақырып маған қызық емес" деп нақты айтыңыз.



6. Пессимист

Қандай? Бәрін қара түсте көреді. Армандарыңызды, жоспарларыңызды сынап, сеніміңізді сындырады. Өзі өзгергісі келмейді және сіздің өсуіңізге кедергі болады.

Қорғаныс: Сөйлесуді шектеулі ұстаңыз. Оның пікірін жүрекке жақын қабылдамаңыз. Тыңдамауға тырысыңыз.


Егер ол сізбен бірге тұрса...

    • Онымен ашық сөйлесіп, қарым-қатынасты реттеуге тырысыңыз. Қарым-қатынасты жаңа ережелермен бастауға ұсыныс жасаңыз.
    • Өзіңізді құрбан етпей, өзгеруіне көмектесіңіз. Психологқа ертіп барыңыз.
    • Өз бөлмеңізді немесе бұрышыңызды жеке аумақ етіп белгілеңіз. Шекара қойыңыз. Сөйлесу барысында қысқа әрі нақты болыңыз.
    • Егер ол мүлде өзгермейтін болса және сіздің өміріңізге қатты әсер етіп жатса, бөлек тұру жағын ойластырыңыз. Бұл қиын шешім болуы мүмкін, бірақ кей жағдайларда – ең дұрыс шешім.

Есте болсын: Эмоциялық, моральдық тұрғыдан зиян келтіретін адамдармен байланысты үзуден, алыстан араласудан ұялмаңыз. Бұл психологиялық денсаулықты қлрғау үшін ғана емес, өмірді өзгертіп, жаңа мақсаттарға жету үшін де қажетті қадам.

Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Көзқарас: ЕНЕні "МАМА" деп атаған ДҰРЫС па?

Өзіңді ЖЕҢУдің ОҢАЙ 4 жолы