Қазақстанда қараша айында 43 мыңнан аса тұрғын табиғи газға қол жеткізді

0
158

Газдандыру жобалары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасын табады.


Қазақстанда қараша айында 43 мыңнан аса тұрғын табиғи газға қол жеткізді

ERNUR.KZ. Ағымдағы жылдың қараша айында «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы өңірлерді газдандыру жұмысын жалғастырды. Осы ай ішінде еліміздің түрлі облыстарында 43 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды.

Жүзеге асырылған шаралар аясында:
4 қараша күні Шымкент қаласында Қайтпас-1 және Тұран шағын аудандары арасындағы газ тарату желілеріне газ берілді. Желілерге 216 абонент (864 адам) қосылды.
7 қарашада Теміртау қаласында 419 абонентке (1 676 адам) табиғи газға қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
12 қарашада Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Көксу елдімекенінің газ тарату желілеріне газ беріліп, 50 абонент (200 адам) газбен қамтылды.
13 қарашада Ынталы және Колкент елдімекендері газдандырылды. Жалпы 3 048 абонент (12 192 адам) табиғи газға қосылды.
14 қарашада Жетісу облысында Қызылжар және Шоқан ауылдарын газ желісіне қосу жұмыстары аяқталып, 822 абонент (4 045 адам) газға қол жеткізді.
19 қарашада Ақтөбе облысының Қожасай ауылындағы автоматтандырылған газ реттеу станциясында алғашқы газ беру жүзеге асырылды. Бірінші кезең аясында 53 абонент (200-ден астам адам) қосылды.
20 қарашада Түркістан облысының Достық кентіне газ жеткізіліп, 472 абонент (1 888 адам) қамтамасыз етілді.
22 қарашада Ақмола облысында ең ауқымды газ қосудың бірі жүзеге асырылды: Қоянды ауылында 5,4 мың абонент (шамамен 21 мың адам) газ тарату желілеріне қосылды.
27 қарашада Астана қаласының Кірпішті тұрғын алабы газдандырылып, 255 абонент (1 020 адам) табиғи газға қосылды.
Жүргізіліп отырған жұмыстың негізгі мақсаты – азаматтардың өмір сапасын жақсарту және өңірлердің газ инфрақұрылымын одан әрі дамыту.
Газдандыру – тұрғын үй-коммуналды секторды жүйелі түрде жетілдірудің маңызды бағыты. Қараша айында жүзеге асырылған газ қосулар тұрғындарды қауіпсіз әрі қолайлы энергия көзімен қамтамасыз етіп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша мүмкіндік туғызады.
Ай қорытындысы бойынша 43 мыңнан астам тұрғын табиғи газды тұрмыстық қажеттіліктері мен жылыту мақсатында пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Газдандыру жобалары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасын табады.