"Енем ақшамды түгел алады. Қазіргі кезде бұндай отбасылар жоқ шығар деп ойлайтын едім, бірақ дәл осындай енеге өзімнің тап болғанымды қарашы..."
фото: ЖИ
"Ақша десе арын сатуға дайын. Тіпті атама да бір тиын ұстатпайды. Қызы екеуі өздеріне керекті заттарды ғана алады."
Осылай ашына сөйлеген ERNUR.KZ порталының тараздық оқырманы кім туралы айтып отыр? Әрі қарайғы әңгімесін оқысаңыз, түсінесіз.
Осыдан үш жыл бұрын ғана тұрмысқа шыққанмын. Көзім байланып қалды ма, махаббатқа мас болып, сүйгеніммен бірге болғаныма бақытты едім. Болашақ енемді алғаш көрген кезімде жүрегім бірдеңені сезгендей, ол кісіні суық адам ретінде қабылдадым.
Бірақ, бұл маған сүйіктімнен бас тартуға себеп болған жоқ. "Ертең өзім қиналып қаламын-ау» деген ой жылт етсе де, жолдасым үшін барлығына шыдаймын деген ой болды.
Солай тұрмысқа шықтым. Дәл қазір ата-енеммен бірге тұрып жатырмын. Шыдауға мәжбүрмін, бірақ бұл шыдамның да жетер жері болатынын білемін. Әйтеуір абыроймен ұрыспай-таласпай, бөлек шығып алғанша шыдай тұруға тырысып жатырмын.
Олардан бөлек үйде бойдақ қайным мен қайынсіңлім бар. Мен келін болып келгенде жұмыс істетйн едім. Айлығымды сұрады. Сол кезде «Жоқ, бермеймін. Бұл менің еңбекақым, өзіме жұмсаймын» деп айта алмағаныма ішім ашиды. Күйеуім де «Менің де айлығымды анам ұстайды, біздің үйде ортақ касса. Әкем де анама әкеп береді» деген соң үндей алмай, келіскен шығармын.
Енем үйге келген табысты өзі жұмсайды. Мен айлығымды толық беріп алып, қайтадан керек-жарақтарыма ақша сұрап жүремін. «Неге керек?» деп сұрайды. Әйелге не керек емес, құдай-ау? Тіпті ішкиім алам, төсемеге керек деп айтуға қысыламын. Өзі де әйел ғой, неге түсінбейді? Арзымас ақшаны да қолы қалтырап береді, өз ақшасын беріп отырғандай.
Осы күнге дейін тек жолдасым үшін шыдап келдім. Енді ол да жөнсіз ұрыс шығарып, анасының айтағына еретін болыпты. Ал мен ата-анамды ренжіткім келмегендіктен, оларға бұл туралы ештеңе айтпаймын, «барлығы жақсы» деп құтыламын. Жақындарымның бұл туралы біліп, мен үшін уайымдағандарын қаламаймын.
Енем ақша десе арын сатуға дайын. Тіпті атама да бір тиын ұстатпайды. Қызы екеуі өздеріне керекті заттарды ғана алады.
Ал мен табысымды ешкіммен бөліскім келмейді, енем болса, барымды тартып алып, өзіме бір тиын ұстатпайды..."


