ТІЗЕНІҢ төменгі жағындағы НҮКТЕНІ уқаласаңыз БАС ауруынан құтыласыз

0
6 423

Кез келген аурумен ауыратын науқастарға арналған


ТІЗЕНІҢ төменгі жағындағы НҮКТЕНІ уқаласаңыз БАС ауруынан құтыласыз

фото: www.womansworld.com

Уқалау – бағзы заманның емі деп қарайтындар көп. Алайда уқалау әдісімен бір емес, бірнеше дертке дауа табатынымыз анық. Жалпы алғанда, адам ағзасында 365 нүкте және 12 негізгі меридиан бар. Ал біз бүгін соның маңызды деген 3-еуіне тоқталамыз.


1. Цзу-сан-ли нүктесі

фото: яндекс.Дзен

Бұл нүктені қытайлар «ұзақ өмір сүру нүктесі», ал Жапонияда «100 аурудың нүктесі» деп атайды. Осындай кереметке ие нүктені қайдан табамыз?

Цзу-сан-ли нүктесі – тізенің астында орналасқан. Оны табу үшін тізеңізді алақаныңызбен (суреттегідей) жабыңыз. Сонда кішкентай саусақ пен сақина саусақтарының ұштары арасында орналасқан нүктені табасыз.

Цзу-сан-ли нүктесі – дененің төменгі жағында орналасқан ағзалардың саулығына жауап береді. Аталған нүктені уқалау арқылы:

  • жұлын;
  • асқазан, ішек жолдары;
  • жыныс жолдары;
  • ықылық;
  • іш қату;
  • гастрит;
  • шыжың;
  • бауыр мен бауыржетімсіздігі ауруларын емдейсіз.

Сонымен қатар, қан қысымын реттейді, қандағы қант мөлшерін қалпына келтіреді, ағзаның суыққа қарсы күресуіне ықпал етеді, иммундық жүйені нығайтады, инсульт алудан сақтайды. Оған қоса, адреналин, гидрокортизон және басқа маңызды гормондардың бөлінуіне септігін тигізеді.

Егер осы массаж жасауды күнделікті әдетіңізге айналдырсаңыз, физикалық белсенділігің артады, өзіңізге деген сенімділік күшейеді әрі стрестен арыласыз,

Массажды қай кезде жасау керек?

Мейлінше таңғы асқа отырмай тұрған кезде бастаған дұрыс. Алдымен жайғасып отырыңыз. Сосын әр аяғыңызға кезек-кезек жасайсыз. Сағат тілімен 9 рет уқаласаңыз жеткілікті.

Массажды саусағыңызбен немесе бүтін жармамен (қарақұмық, сұлы немесе күріш) жасауға болады.

Массаждан кейін 1-2 сағатқа жарты тілік сарымсақ қойсаңыз, теріңіз қызармайды.

Ал егер аталған массажды түнгі ұйқыға жатар кезде жүргізетін болсаңыз, онда артық салмақтан арылуға да көмегі тиеді. Бір апта үзбей емді жүргізсеңіз, 400-500 грамм майдан арыласыз.

Емделу мерзімін 8 күнге жалғастырыңыз.

Емді таңертең жүргізсеңіз:

  • иммунитетті нығайтады;
  • барлық ағзаның жұмысын жақсартады;
  • ерте қартаюдың алдын алады.


Түске дейін жүргізсеңіз:

  • жалпы тонусты көтереді;
  • есте сақтау қабілетті жақсартады;
  • жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын реттейді;
  • асқазан жолдарының жұмысын қалпына келтіреді.


Емді түстен кейін жүргізсеңіз:

  • стрестен сақтайды;
  • күйгелектіктен арылтады;
  • ашуланшақтықтан құтқарады;
  • бастың ауырғанын қойдырады;
  • ұйқыны жақсартады.

Ал кешке сағат тіліне кері уқалау әдісін жүргізсеңіз, онда зат алмасу жақсарып, артық салмақтан арыласыз.


2. Хэ-гу нүктесі

фото: яндекс.Дзен

Қолдың сырт жағында бас бармақ пен сұқ саусақтың арасындағы шұңқырда орналасқан. Шығыс медицинасында бұл нүктені «жедел жәрдем» деп атайды. Хэ Гу нүктесі тоқ ішектің меридианында орналасқан. Ол осы маңызды ағза сияқты бүкіл денеге жағымды әсер етеді. Осы нүктені уқалау арқылы:

  • тұмау;
  • қыжыл;
  • жүрек айну;
  • әлсіздік;
  • бас, тіс, іш;
  • мұрын (синусит, ринит, гайморит);
  • құлақ, көз;
  • асқазан ауруларынан құтыласыз.

Аталған аурудың белгілері біліне басталысымен-ақ, нүктені уқаласаңыз, 2 минуттан соң ауру басылып, өзіңізді жайлы сезінесіз. Емді бір минут оң қолыңызға, сосын сол қолыңызға жүргізесіз.


3. Юнь-Цуань нүктесі

фото: яндекс.Дзен

Жастық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі аталған үшінші нүкте аяқта орналасқан. Оны табу үшін: саусақтарыңыздың бәрін қысыңыз, аяғыңызда шұңқыр пайда болады. Міне, осы жерден нүктенің «көзін» табуға болады.

Юнь-Цуань нүктесін уқалау арқылы:

  • ентігу;
  • жөтел;
  • жүрек қағысының әлсіздігі;
  • іш өту;
  • сарғаю;
  • қант диабеті;
  • шыжыңдық немесе несеп шығара алмау секілді ауруларды емдей аласыз.

Сонымен қатар, естен танғанда, шоқ алғанда, сіңір тартылғанда және қояншық ауруларында аяқты уқалау арқылы ем табуға болады.


Аталған 3 нүктені уқалап, бойыңызды дендеген дерттен біржолата құтылыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жұқарған ЖҮЙКЕНІ қалпына келтіруге АЛТЫ минут жетеді


Бұл БЕС тұнба БАУЫРДЫ тазалайды әрі емдейді


Ащы ШОКОЛАД көздің КӨРУ ҚАБІЛЕТІН жақсартады