Түркияда оқу-жаттығу тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

0
91

Экипаждың екінші мүшесі ауруханаға жеткізілді.


Түркияда оқу-жаттығу тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

Фото: Daily News

ERNUR.KZ. Түркия астанасы Анкарада Robinson R44 оқу-жаттығу тікұшағы апатқа ұшырап, салдарынан нұсқаушы-ұшқыш әрі отставкадағы полковник Ясаөзден Баккал қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Тікұшақ оқу-жаттығу ұшуын орындап жүрген кезде жол жиегіндегі бос алаңға құлаған.

Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жетіп, тікұшақ кабинасынан екі зардап шеккен адамды шығарып, ауруханаға жеткізген.

Бірнеше сағаттан кейін Түркияның Әділет министрі Акын Гүрлек Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында нұсқаушы-ұшқыштың алған жарақаттарынан көз жұмғанын хабарлады. Ал экипаждың екінші мүшесі әлі де ауруханада ем қабылдап жатыр.

"Тікұшақ апатына байланысты Батыс Анкара прокуратурасы тергеу бастады. Бас прокурордың орынбасарының тапсырмасымен іске екі прокурор тартылды. Сотқа дейінгі тергеу жан-жақты әрі ерекше мұқият жүргізіліп жатыр", – деп жазды министр.

Куәгерлердің айтуынша, тікұшақ оқу-жаттығу ұшуы кезінде қатты қоныс жасаған. Оқиға орнынан жарияланған кадрларда әуе кемесінің жерге соғылғаннан кейін де негізінен бүтін күйінде қалғаны көрінеді.