Әлем чемпионатындағы сыйақы мөлшері: Испания 50 миллион доллар табыс тапты

0
265

Турнирдің финалдық кезеңіне қатысқан 48 ұлттық құрама арасында жалпы 727 миллион доллар бөлінді.


Әлем чемпионатындағы сыйақы мөлшері: Испания 50 миллион доллар табыс тапты

Фото: instagram.com/sefutbol

ERNUR.KZ. 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өткен футболдан әлем чемпионаты турнирге қатысқан барлық құрамаларға төленген жүлде қоры бойынша тарихтағы ең рекордтық дода болды. Испания құрамасы турнирден соң жалпы 53,5 миллион доллар табыс тапты, деп жазады stan.kz.

Турнирдің финалдық кезеңіне қатысқан 48 ұлттық құрама арасында жалпы 727 миллион доллар бөлінді. FIFA мәліметінше, жүлде қоры бұрынғы әлем чемпионатымен салыстырғанда 50 пайызға ұлғайтылды.

Жүлде қоры екі бөлікке бөлінді:

  • 655 миллион доллар – турнирдегі нәтижелер үшін берілетін сыйақы;
  • 72 миллион доллар – әлем чемпионатын өткізуге байланысты ұйымдастыру шығындарын өтеуге арналған қаражат.

Әрбір 48 құрамаға бұл мақсатқа 1,5 миллион доллардан тең мөлшерде бөлінді.

Жүлде қаржысы мынадай тәртіппен үлестірілді:

Әлем чемпионы – 50 миллион доллар;
Финалист (вице-чемпион) – 33 миллион доллар;
3-орын – 29 миллион доллар;
4-орын – 27 миллион доллар;
5-8-орындар – 19 миллион доллар;
9-16-орындар – 15 миллион доллар;
17-32-орындар – 11 миллион доллар;
33-48-орындар – 9 миллион доллар.