​Ащы ШОКОЛАД көздің КӨРУ ҚАБІЛЕТІН жақсартады

0
4 096

Әсіресе, САБАҚҚА дайындалатын кезде ЖЕУГЕ тырысыңыз


​Ащы ШОКОЛАД көздің КӨРУ ҚАБІЛЕТІН жақсартады

фото: massaget.kz

Таңның атысы, күннің батысы көзіміз телефоннан босамайды. Бұлай салмақ салу – көздің көруіне кері әсер етеді. Салдарынан көру қабілетіміз нашарлап, тала бастайды. Бұл әдістер әсіресе күні бойы компьютермен, телефонмен достасып жүрген оқушыларға, студенттерге өте қажет.


Көзіңізге бүгін күтім жасамасаңыз, онда:

  • көру қабілетіңіз төмендейді;
  • көздің құрғауы;
  • көздің жасаурауы;
  • суқараңғылық;
  • алыстан көрмеу секілді көз аурулары белең алады.

фото: diningsmart.kz


Көздің көруін жақсартатын тағамдар:

  • сәбіз;
  • ақжелкен;
  • асжапырақ;
  • салат жапырағы;
  • қызанақ;
  • шалқан;
  • шалғам;
  • ақжелкек;
  • кептірілген жеміс;
  • қаражидек;
  • көкжидек;
  • итмұрын;
  • шабдалы;
  • бал;
  • грек жаңғағы. Мұнан басқа құрамы А және В6 дәрумендері мен мырыш, фосфор және хром элементтері бар азықтарды көбірек жеңіз.

Әсіресе, сабақ дайындайтын кезде сәбіз жеңіз.

фото: ochkov.net

СӘБІЗ – алысты көрмейтіндерге, конъюнктивитке, көздің талып ауруына жақсы ем болады.

Ал ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ – көздің жасаурауына тоқтау салады. Мейлінше үй тапсырмасын орындаудан алдын 1 дана сәбіз бен 5-6 дана грек жаңғағын жеуді әдетке айналдырыңыз. Ал сабаққа кірісетін кезде 1 шыны бал қосылған шай ішсеңіз, пайдасы керемет болмақ.


Одан бөлек халықтық жолмен де көздің саулығын жақсартуға болады.


АЩЫ ШОКОЛАД – көздің өткірлігін арттырады әрі алыстан көруге қырағы етеді. Осы кереметке ие болу үшін күнде 1 плитка ащы шоколад жеңіз.

Шоколадтың құрамындағы флавоноид атты антиоксидант көздің саулығын арттыруға септігін тигізеді. Қабынуды болдырмайды әрі жанарыңыздың жасаурауына нүкте қояды.


БАЛ мен ШАЙ – көздің қабынуына ем. Ол үшін 1 шыны қою демделген шайға 1 шай қасық бал араластырып, әр көзіңізге 5 тамшыдан тамызасыз. Ем кезінде жайланып жатқаныңыз жөн.


БАЛ мен АЛОЭ шырыны – көздің талғанына ем. Бірдей көлемде бал мен алоэні араластырып, көзіңізге тамызасыз. Емге қолдану үшін алоэнің екі-үшжылдығын кесіп алып, тарелкеге саласыз. Ыдысты 10-12 күнге тоңазытқышқа қою керек.

фото: athleticbody.ru

Белгіленген күннен соң жапырақты езіп, шырынын аласыз. Дайын болған шырынды 1 десерт қасықпен күніне 3 рет қабылдайсыз. Емді тамақтан 30 минут алдын қабылдау керек.

Немесе аталған шырынға тазартылған су мен балды араластырып, көзіңізге тамызыңыз. Емді 2-4 апта қабылдасаңыз, жанарыңыз жасара түседі.


ҚЫРЫҚБУЫН тұнбасы – көзіңізді тынықтырады әрі жүйкесіне пайдасы зор. Ол үшін 1 ас қасық қырықбуын (хвощ) ұнтағына 1 стақан су құйып, 30 минут қайнатасыз. Дайын болған тұнбамен көзіңізді жуасыз. Тұнбаға мақтаны малып алып, қабағыңызға қойсаңыз да пайдасы керемет болмақ.


ЖАЛБЫЗ – көздің көру қабілетін сақтайды. Ем үшін дәріханада сатылатын жалбыз майының 1 тамшысына тазартылған 100 мл су құйып, көзіңізге тамызасыз.


ДОЛАНА – алыстан көрмейтіндерге пайдалы. Ем үшін кептірілген долананы ұнтақтайсыз. Бірдей көлемде бал араластырып, 3 ас қасықтан қабылдайсыз.


КАРТОП – көздің шаршағанын басады. Ол үшін орташа көлемдегі картопты үккіштен өткізіп, дәкеге саласыз. Дәкені 20 минут көзіңізге таңып қою керек.

фото: proglazki.ru


ИТМҰРЫН тұнбасы – көздің көру қабілетін қалпына келтіреді. Емге керегі: 1 шай қасық кептірілген итмұрынды 2 стақан қайнаған суға салып, тұндырасыз. Шамамен 20-25 минуттан соң сүзіп алып, 1 ас қасық бал қосыңыз. Дайын болған тұнбаны таңертең ұйқыдан тұра салысымен және ұйқыға жатар алдында ішесіз.


АҚЖЕЛКЕН тамыры мен ЛИМОН – көру қабілетті жақсартады. Ақжелкеннің тамырын үгітіп, лимонмен араластырасыз. Оған татымына қарай бал қосып, үзбей 2 ай жүргізесіз. Емді 1 шай қасықтан тамақтанудан 1 сағат бұрын қабылдау керек.

Біз ұсынған халық емі көздің саулығын арттырады, көру қабілетін жақсартады әрі көзіңізді тынықтырады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл БЕС тұнба БАУЫРДЫ тазалайды әрі емдейді


Жұқарған ЖҮЙКЕНІ қалпына келтіруге АЛТЫ минут жетеді


Ұйқы безінде ҚАТЕРЛІ ісіктің БАР-ЖОҒЫН өзіңіз АНЫҚТАЙ аласыз