Орталық Азия елдері қазақстандық астықты көбірек сатып ала бастады

0
105

Экспорт көлемінің өсуіне Орталық Азия елдері мен Ауғанстандағы дәстүрлі нарықтардағы жоғары сұраныс негізгі серпін берді.


Орталық Азия елдері қазақстандық астықты көбірек сатып ала бастады

Фото: АШМ

ERNUR.KZ. Қазақстан темір жолының мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 17 шілдеге дейінгі аралықта астық пен астыққа шаққандағы ұн экспорты 13,5 млн тоннаға жетті, деп жазады inform.kz.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға жоғары. Өткен маусымда сыртқы нарықтарға 12 млн тонна өнім экспортталған болатын.

Экспорт көлемінің өсуіне Орталық Азия елдері мен Ауғанстандағы дәстүрлі нарықтардағы жоғары сұраныс негізгі серпін берді.

Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 37%-ға өсіп, 5,6 млн тонна болды. Қырғызстанға экспорт көлемі 1,4 есеге артып, 504 мың тоннаға жетті. Ауғанстанға жөнелтілген өнім көлемі 59%-ға өсіп, 2,2 млн тоннаны, ал Түрікменстанға экспорт 34%-ға ұлғайып, 210 мың тонна болды.

Жүк тасымалы көрсеткіштерінің оң өсімі қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін айғақтайды. Сондай-ақ бұл экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында қолға алынған шаралардың нәтижелі екенін көрсетеді.