​АНТИБИОТИК қабылдағаннан кейін АҒЗАНЫ қалай қалпына келтіруге болады?

0
9 894

АСҚАЗАН мен ІШЕКТІҢ жұмысын жақсартып, артық ЗАТТАН арылту үшін БАНАН жеңіз


​АНТИБИОТИК қабылдағаннан кейін АҒЗАНЫ қалай қалпына келтіруге болады?

ото: ruzatur.ru

Антибиотиктің не екенін бәріміз білеміз. Оны инфекция жұқтырғанда, суықтап ауырғанда, тұмау болғанда, өкпе қабынғанда, ішекке инфекция түскенде емделу үшін тағайындалады. Оны дәрігердің рұқсатынсыз ішуге болмайды. Антибиотиктің кәрілерге, жастарға, кішкентайларға деген секілді түрлі жастарға арналғаны болады. Оны нұсқаулығы бойынша жасына және мөлшеріне сай қабылдау міндет.


Түрлі дертке дауа болатын антибиотикті ішсеңіз, әрине ауруыңыздан айығасыз. Бірақ, басқа ағзаларға кері әсерін тигізбей қоймайды. Мәселен, антибиотик ағзаның шырышты қабығына зиянын тигізеді, иммунитетті әлсіретеді, басқа да ағзалардың жұмысына кері әсер етеді. Мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін дәрігер тағайындаған күннен артық антибиотик қабылдамаңыз немесе төменде келтірілген мына әдісті қолданыңыз.

фото: gastritinform.ru

Ағзаны қалпына келтірудің жолдары

Антибиотик ең алдымен иммундық жүйе мен бауырға зардабын тигізеді. Сондықтан да қатаң түрде диета ұстау керек. Иммунитетті нығайтып, бауырдың саулығын сақтағыңыз келсе, майлы, қуырылған, қақталған тағамдар мен спиртті ішімдікті шектейсіз. Олардың орнына балды көбірек тұтыныңыз.

Әлсіреген ағзаны қуаттандыру үшін жасұныққа бай ботқа жеңіз. Бұл тағам ішекті тазалап, ағзадағы шлакты шығарады. Әсіресе таңғы асқа сұлы ботқасын жеуге әдеттеніңіз. Оған қоса, күніне кем дегенде 2-2,5 литр су ішіңіз.


Ішекті қалпына келтірудің жолдары

Кез келген антибиотик ішектің жұмысына кері әсер етеді. Сонымен қатар, биохимиялық және физиологиялық реакция береді. Таблетка түрінде де, капсула түрінде де кездесетін антибиотик ең алдымен асқазанға түседі де, ішек арқылы қорытылады. Бір уақытта бір емес екі ағзаның жұмысына әсер етеді. Бұл кезде сізге асқазан мен ішектің жұмсын жақсартып, артық заттан арылту үшін банан жеуге кеңес береміз.

фото: life-pics.ru


Иммунитетті қалпына келтірудің жолдары

Антибиотик қабылдап болған соң иммунитетті көтеру үшін құрамы антиоксидантқа бай арнайы дәрі қабылдауыңыз керек. Немесе кептірілген жемісті үзбей жесеңіз де болады. Әсіресе, қара өрік пен сары өріктің пайдасы орасан. Оған қоса, жаңғақтың кез келген түрі, ақжелкен, табиғи какаоны көбірек тұтыныңыз. Антибиотик қабылдаған соң қою демделген шай мен кофені шектеуге тура келеді. Бұл екі сұйықтық ағзаны әлсіретіп, сусыздануға әкеледі.

Одан бөлек, буға піскен немесе қайнатылған тауық пен балықты көбірек жеңіз. Ал тәттіні біраз уақыт ұмыта тұрғаныңыз жөн.


Үй жағдайында ағзаны қалпына келтірудің ең тиімді жолдары

Медициналық емнен соң үй жағдайында да біраз уақыт саулығыңызға көңіл бөлгеніңіз жөн. Өйткені құрамы химиямен байытылған дәрінің пайдасымен қатар, зияны қоса жүреді. Оның тек пайдалысын ғана алу үшін толық емнен кейін мына тәсілді қолданыңыз.

  • Ішекті тазалау үшін ашқарынға 2-3 дана белсендірілген көмір ішіңіз. Артынан көбірек су ішуге тырысыңыз.
  • Ағзаны шлак пен улы заттан тазарту үшін кем дегенде 2 литр су ішуге әдеттеніңіз.
  • Жалпы саулығыңызды сақтап, ағзаны әлдендіру үшін 1 стақан суға 1 шай қасық бал мен 2 тамшы алма сірке суын араластырып ішіңіз. Емді ашқарынға жүргізесіз. Ал кешке ұйқыға жатар кезде 1 стақан майсыз йогурт ішу керек.
  • Ағзаны антиоксидантпен байытқыңыз келсе, тамақтану мәзіріне жаңғақты, қара өрікті, балықты, көктер мен какаоны міндетті түрде қосыңыз.
  • Иммунитетті нығайту үшін қалақай шайын ішіңіз. Оны дайындау үшін 2 литр қайнаған суға 3 ас қасық ұнтақталған қалақай (крапива) шөбін араластырып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 3 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, шай ретінде ішесіз.


Саулығыңызды сақтаудың 3 жолы

  1. Жаман әдеттен арылыңыз. Темекіні тастаңыз, ішімдік ішпеңіз. Әсіресе, антибиотик қабылдаған соң темекі мен ішімдік бауырға өте қатты соққы болып, саулығын құртады.
  2. Физикалық жаттығулар жасаңыз. Әсіресе, таңғы ұйқыдан тұрған соң, жеңіл жаттығу жасап, бойыңызға қуат сыйлаңыз. Сосын түскі уақытта тыныс алу жаттығуларының пайдасы орасан болмақ. 20 минут көзіңізді жұмып, ойыңыздан барлық мәселені шығарып, үнсіз отырудың өзі бойыңызға сергектік сыйлайды.
  3. Таза ауаға шығып серуендеңіз. Мұның сіздің денсаулығыңызға тигізетін пайдасы орасан. Ең алдымен өкпеңіздің дұрыс демалуына септігін тигізеді. Одан бөлек иммундық жүйеңізді, гемоглобиніңізді көтереді. Дұрыс демалу – зор денсаулықтың кепілі екенін естен шығармаңыз.


Дереккөз: rew-med.info


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әйелдердің ІШІ ШЫҒЫП кетуіне мына 7 жағдай СЕБЕП болады


БҮЙРЕК ауырғанда СҮТ қосылған ШАЙ ішіңіз


БАС ауруынан ДӘРІСІЗ арылуға болады