Шетелдегі Қазақстан азаматтарына зейнетақы төлеу тәртібі өзгермек

0
130

Конституциялық сот 2026 жылғы 18 мамырда нормативтік қаулы қабылдағананын атап өтті.


Шетелдегі Қазақстан азаматтарына зейнетақы төлеу тәртібі өзгермек

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда ел аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға зейнетақы төлеу тәртібі нақтыланып жатыр. Әлеуметтік кодекске өзгерістер енгізу туралы тиісті заң жобасы Құрылтайға жетті, деп жазады tengrinews.kz.

Заң жобасына сәйкес, шетелде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін азаматтың өзі тұратын мемлекетте осыған ұқсас зейнетақы алмайтынын жыл сайын растауы көзделеді.

"Мұндай растау ұсынылмаған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартуға немесе оларды төлеуді тоқтата тұруға негіз болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Конституциялық сот 2026 жылғы 18 мамырда нормативтік қаулы қабылдағананын атап өтті. Онда сот Қазақстан азаматтары заңда белгіленген өзге де талаптарды орындаған жағдайда, олардың Қазақстан аумағында тұрақты тұруы мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудың міндетті шарты бола алмайтынын көрсетті.

"Атап айтқанда, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету тиісті төлемдерді тағайындау үшін Қазақстанда тұрақты тұруы заңда міндетті шарт ретінде белгіленген адамдарға қатысты құқықтық мәнге ие", - деп хабарлады сот.