Хат иесі Мақпал Жүнісова үш жылдың коммуналдық ақысын төлемей жүр деген.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасына белгісіз адамдардың хатын жариялады: хат авторы әншіге жала жапқан көрінеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Хаттың мазмұнына сүйенсек, Мақпал Жүнісова үш жылдан бері үйіндегі газдың ақысын төлемей жүр-мыс. Және хатты Мақпал Жүнісованың өзіне емес, басқа қаладағы әпкесіне жіберген екен.
«Жүнісова Мақпал ханымға айтасыз ба, үш жылдан бері төлемеген қарыздары бар. Қызына неше рет айтылды, өзі бізді бұғаттап тастаған. Бүгін төлемесе, ертең техниктер газды өшіреді. Соңғы ескерту», - деп жазылған.

Жүнісова болса, ешкімге қарыз емес екенін айтып, бұны қорқыту деп қабылдаған.
«Бұл қай қазақ мені қорқытып жатқан? Астанадағы әпкеме жіберіпті. Ешқашан қарыз болмаған адаммын», - деп жазған Жүнісова.


