"Шаңырағымызды тағы бір қайғы торлады": Асанәлі Әшімовтің отбасы тағы қара жамылды

0
123

Суық хабарды марқұм актердің жары әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.


Фото: instagram.com/bagdat.ashimova/

ERNUR.KZ. Абыз актер, халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова отбасындағы ауыр қаза жайлы естіртті, деп жазады stan.kz.

Суық хабарды марқұм актердің жары әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

“Асылымнан айырылып отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды. Ансарым мен Майрамның көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір ары қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес. Алла енді жылатпасын...Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Селимхан Әшімова актер Асанәлі Әшімовтың бірінші некесінен туған ұлы Сағи Әшімовтың жары. Олардың Аңсар мен Майра есімді екі перзенті бар.