Менің пікірімді осы уақытқа дейін талқылап жатқанының өзі күлкілі, дейді продюсер.
фото:
ERNUR.KZ. Танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова әнші Димаш Құдайберген туралы 12 жыл бұрын айтқан пікіріне әлі күнге жауап берумен келеді. Жақында журналист Аман Тасығанға берген сұхабатында да осы сұрақ көлденең шықты, деп жазады sputnik.kz.
Пікірімді еш өзгертпеймін деген Бағым Мұхитденова әншінің кәсібилігіне емес, бір ғана әнге қатысты пікір білдіргенін айтады.
"Менің пікірімді осы уақытқа дейін талқылап жатқанының өзі күлкілі. Бұл менің толық пікірім емес, "қайырымды" біреу бір ғана сөзімді кесіп алып, жариялап жіберген. Сәйкесінше мен Димашқа жоғары нотада ән айтып қажет емес дегендей болып қалдым. Мен шын мәнінде дәл осы әнде жоғары нота қажет емес дедім", - дейді продюсер.
Ол кезде Димаш орындаған ән орташа, мен үшін хит ән болмады, сол күйі хитке айналған жоқ, дейді Бағым Мұхитдинова.
"Ол пікірімнен әлі тайған жоқпын. Мен Димаштан кешірім сұрасын дегендер табылып жатады. Не үшін кешірім сұрауым керек, түсінбедім, түсінбеймін де", - дейді Мұхитденова.
Продюсер Димаштың кәсібилігіне шәк келтірмегенін, 12 жыл бұрын айтқан пікірін әлі күнге дұрыс деп санайтынын айтты.