​Қазақ қызы Америка университетін үздік бітірді

0
107

Ол төрт жыл бойы грантта оқыған, бұл туралы Елдананың анасы, белгілі коуч-мотиватор Құралай ханым өзінің инстаграм парақшасында жариялады.


​Қазақ қызы Америка университетін үздік бітірді

ERNUR.KZ. Қарапайым қазақ ауылында орта мектепті білім алған Елдана есімді қазақ қызы Америка университетін қызыл дипломмен аяқтап, оқу орнындағы үздік түлектердің бірі атанған. Ол төрт жыл бойы грантта оқыған, бұл туралы Елдананың анасы, белгілі коуч-мотиватор Құралай ханым өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

«Жаңа Қазақстан жасау үшін ұрпағымыз білімді болу керек!

Қыз балаға не керек?- деп жазып жатқандарға айтарым, ұрпақты туатын, тәрбиелеп өсіретін - қыз бала! Қыз бала білімді болса, тоқ болса, мықты болса - ел аман, жұрт тыныш.

Счастье любит тишину!- деп жатқандарға:
- Счастье любит - успех, деньги и славу!!!
Счастье не любит тиких!

Сіздердің де ұл-қызыңыз қуантып, бақыттан басыңыз айналып, айқайлайтын сәт болсын!

Не салсам да, мақтансам да, үлгі болайық, білімге балалардың шабыты ашылсын, Қазақ елі сауатты, саналы болсын, тойды емес - Білімді ТРЕНД қылайық!- деп салып жатырмын.

Америкада нағыз жұлдыз деп - жаңалық ашқан ғалымдарды, білімді жазушыларды, айға ұшқан, завод салған еңбекқорларды айтады.

Той тойлап тойдық қой, енді еңбектің заманын бастап, келер ұрпаққа Атам Қазақтан қалған кең дархан жерімізден басқа бірдеме ойлап қалдырайық та, ағаееен» деген Құралай ханым жастарды той қуаламай, білімге ұмтылуға шақырды.

Бұл жаңалықта оқыған желі қолданушылары Құралай ханымды құттықтап, «Біз де балаларымыздың білімдегі жетістігімен қуанып тұрайық» деген ізгі ниеттерін жарыса жазуда.