Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды

0
165

Әртіске марапат Қырғызстанда өткен IV Халықаралық "Mейкин Азия" фестивалінде берілді.


Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды

фото: DOSALIEV SULTAN

ERNUR.KZ. Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген "Қырғыз Республикасының халық әртісі" құрметті атағымен марапатталды, деп жазады sputnik.kz.

Марапатты әртіске Чолпон-Ата қаласында өткен IV Халықаралық "Мейкин Азия" музыкалық фестивалінің салтанатты финалында Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманкулов табыстады.

"Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін. Жарлыққа президент Садыр Жапаров қол қойды", - делінген хабарламада.

"Мейкин Азия" халықаралық фестивалі - жас таланттарды қолдау және насихаттау мақсатында 2013 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық музыкалық фестиваль.

Фестивальде 25-тен астам елдің орындаушылары өнер көрсетті. Гран-приді Румыниядан келген әнші Мария-Диана Стынчуляша жеңіп алды.