Жұманғарин: Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттамайды

0
102

Жұманғарин қазіргі ахуалдың өндіріс ерекшеліктеріне байланысты екенін атап өтті.


Жұманғарин: Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттамайды

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен баспасөз брифингінде азық-түлік бағасының маусымдық қымбаттауына қатысты айтты, деп жазады baq.kz.

Вице-премьердің айтуынша, Қазақстанда Жаңа жыл алдындағы кезеңде азық-түлік бағасының «шарықтап кетуін» күтуге еш негіз жоқ. Үкімет негізгі азық-түлік тауарларының бағасын мұқият бақылап, олардың қалыптасу тетіктерін талдап жатыр.

5-6 негізгі позицияны жеке-жеке зерттеп, түпкілікті бағаның қалай құрылатынын қарастырып отырмыз. Егер алыпсатарлық әрекеттер байқалса, тиісті шара қабылдаймыз. Ал егер бұл таза нарықтық құбылыс болса, онда шешімді нарық қағидаттарына сай қабылдаймыз, – деді ведомство басшысы.

Жұманғарин қазіргі ахуалдың өндіріс ерекшеліктеріне байланысты екенін атап өтті. Мәселен, Қазақстан жылыжайларда өсірілетін қызанаққа айтарлықтай тәуелді, сондықтан оның бағасы маусымға қарай құбылып тұрады.

Біздің міндет – бағаның күрт секіріп кетпеуін қамтамасыз ету. Нарықтағы тұрақтылық пен ашықтықты сақтау маңызды, – деді вице-премьер.

Ол жағдай толық бақылауда екенін айтып, Жаңа жыл қарсаңында "аспандағы" бағаларды күтудің қажеті жоқ екенін тағы бір мәрте ескертті.