«Жігітті ұмыта алмаған»: Алматыда бір әйел отбасылы ер адамды аңдығаны үшін сталкинг бабы бойынша тергелген

0
111

​Ер адам ажырасқысы келмейтінін айтып, полицияға жүгінген.


«Жігітті ұмыта алмаған»: Алматыда бір әйел отбасылы ер адамды аңдығаны үшін сталкинг бабы бойынша тергелген

Фотоколлаж: ЖИ арқылы жасалған, Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Алматыда ер адамға қатысты сталкинг жасады деген күдікпен бір әйел тергелген. Бұл туралы бүгін аймақтық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Журналистердің сұрағына жауап берген ол бұл нақты бір факт екенін атап өтті. Яғни, журналистің «әйел адамның тарапынан сталкинг көрген ер адамдар болды ма?» деген сұрағына ол осы жауабын айтты.

«Иә, сондай оқиға, яғни, әйелдер тарапынан сталкингке ұшыраған ер адамдар болады. Жуырда бір ер адам полицияға жүгініп, бір әйелден сталкинг көріп жүргенін айтқан. Әйел адам жігітпен қайта қосылғысы келген, бірақ ер адамның заңды әйелі болған, сондықтан, отбасын сақтап қалу үшін әйелдің сталкингісін тоқтатқысы келген», - деді ол.

Айта кетейік, брифингтің бүгінгі тақырыбы – Алматыдағы әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу мен сталкингке қарсы іс-қимыл еді.