Жапония Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 4 миллиард теңге көмек бермек

0
160

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаржы Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсететін Университеттік ауруханаға медициналық жабдықтар алу үшін жұмсалады.


Жапония Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 4 миллиард теңге көмек бермек

Фото: ortcom.kz/Семей ядролық полигоны
ERNUR.KZ. Жапония Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 4 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетпек, деп жазады Stan.kz.

Жапония үкіметі Қазақстанға бір миллиард иеннен астам (шамамен 7 миллион доллар) грант бөледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаржы Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсететін Университеттік ауруханаға медициналық жабдықтар алу үшін жұмсалады.

"Грант қаражаты есебінен магнитті-резонанстық томограф, компьютерлік томограф, видеоэндоскопиялық жүйе, жасанды қан айналымы аппараты және ауыр науқастарды диагностикалау мен емдеуге қажетті басқа да медициналық құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда", – делінген министрлік жауабында.

Айта кетейік, Жапония мен Қазақстанның осы саладағы ынтымақтастығы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. 2002 жылдан бастап Семейде жапон тәжірибесіне негізделген радиациядан зардап шеккендерді есепке алу жөніндегі мемлекеттік тіркеу жүргізілуде.